Технология

Кеспе және арнайы тұрпаттағы макарон өнімдері Италия мен Германияның өндірістік желілерінде, сонымен қатар өзіміз жасақтаған патенттелген желілерде жасалады.

Өндірісті жаңғырту бойынша үздіксіз жұмыстар  жүргізілуде, бұл кәсіпорынның қуаттылығын арттыруға ғана емес, сонымен қатар шығарылатын өнімнің тұтынушылық сипаттамаларын үнемі жетілдіруге, өнім түрін жаңартуға мүмкіндік береді.

Өндірісте Қазақстан бидайының элиталық сұрыптарынан өндірілген "Жоғартылған жоғары" сұрыпты өзіндік ұны және бес сатылы тазартудан өткен су  пайдаланылады. Біздің өнімнің бірегейлігінің өзіндік ерекшелігі сол –біз өндіріс жағдайында шын мәнінде үй асының дәмі бар жоғары сапалы өнімдерді шығаруға қабілетті екенімізді көрсете білдік.

 
Шикізат

Өсірілген және өңдеуден өткен бидай «KEMMI GROUP» диірмен кешенінің астық қоймасына түседі. Астықты қоймаға сақтауға жіберу, алдымен кешеннің зертханасында тексерістен өткеннен кейін жүзеге асырылады.

Бидайды ұнтау үшін алдымен оның сұрыптарын қажетті пропорцияда араластырып, диірмен кешеніне жібереді. Диірмен кешенінің заманауи жабдықтары бидайды тарту үшін мұқият даярлауға ықпал етеді, тазартады, жуады және сапалы ұн өндіру үшін басқа бірқатар қажетті жұмыстарды жүргізеді.

Тартылғаннан кейін, дайын өнім – «Жақсартылған жоғары» деп аталатын ұн сұрыбы зертхана жұмыскерлерінің талдауынан өтіп, соңынан тікелей «KEMMI GROUP» зауытына жіберіледі.

Өнімнің сапасы

Компанияның негізгі қағидаты өнімнің сапасы болып табылады, яғни ол дұрыс таңдап алынған шикізат пен өндіріс технологиясының қатаң сақталуына байланысты болады.

Кіріс шикізаттың тұрақты қадағалаумен қамтамасыз етілуі өнім сапасының жоғары деңгейде болуына кепілдік береді - өнімнің барлық сатыларында сапаны бақылау бөлімі қадағалайды Әрбір сағат сайын өндірістік зертхана өнімге тексеріс жүргізеді.

Барлық өнімдер сертификатталған. ЖШС СТ 020940000838001-2011, ҚР СТ ИСО 9001-2009, ҚР СТ ИСО 14001-2006, ҚР СТ ИСО 22000-2006 талаптарына сай келеді, Халал.
Еңбекті ұйымдастыру

Компания қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүзеге асырылады және арнайы құрылған қызметпен қадағаланады.

Кәсіпорынға және қалаға жеткізу жайлы көлік құралымен - қызметтік автобуспен қамтамасыз етіледі, оның маршруты Павлодар қаласының барлық аудандарын қамтиды.

Қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында компания ішінде жақсы асхана жұмыс жасайды. Жыл бойы толыққанды дәрумендік тағаммен қамтамасыз ететін мекеменің көкөніс қоймасы бар.

Кәсіпорын қызметкерлері жұмыс киімдерімен қамтамасыз етіледі. Қызметкерлер үшін түскі үзіліс уақытында демалыс бөлмелері, жуыну және теннис залдары қарастырылған.